Қазақстандық экипаж Africa Eco Race-тің бірінші кезеңін алтыншы болып аяқтады.

Фотография - Қазақстандық экипаж Africa Eco Race-тің бірінші кезеңін алтыншы болып аяқтады.

Мароккада Africa Eco Race-2014 ралли-рейд басталды. Оған Mobilex Racing Team комадасының екі қазақстандық экипажы қатысып жатыр.

122 0

Мароккада Africa Eco Race-2014 ралли-рейд басталды. Оған Mobilex Racing Team комадасының екі қазақстандық экипажы қатысып жатыр.

Қанат Шағыров пен Александр Мороздың экипаждары 86 шақырымдық арнайы уачаскені бір сағат 11 минут жүріп өтіп, жарысты алтыншы болып аяқтады. Шағыров көрсеткен нәтижесі мен тасжолдың жағдайына, сондай-ақ өзінің автокөлігіне көңілі толатынын білдірді. Естеріңізге сала өтсек, Mobilex Racing Team командасының екі экипажы да арнайы құрастырылған Hummer автокөліктерінде бақтарын сынауда.

Бұл жолы француз Жан-Антуан Сабатье мен Денис Розанд жеңіс тұғырынан көрінді. Оған бар болғаны бір сағат сегіз минут және 38 секунд қажет болды.

Юрий Сазонов пен Арслан Сахимовтың басқаруындағы екінші қазақстандық экипаж 13-ші болып келді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!