67 жастағы зейнеткер Олимпиада құрамасына шақырту алды

Фотография - 67 жастағы зейнеткер Олимпиада құрамасына шақырту алды

Канаданың Ванкувер қаласында тұратын зейнеткер АҚШ құрамасы сапында Олимпиадаға қатысуға шақырту алды

179 0

Канаданың Ванкувер қаласында тұратын зейнеткер АҚШ құрамасы сапында Олимпиадаға қатысуға шақырту алды.

Оқиға былай өрбіген. Олимпиадаға баруы тиіс «Ванкувер» хоккей клубының шабуылшысы Райан Кеслер өзінің телефон нөмірін ауыстырған, ал оның ескі нөмірді 67 жастағы қала тұрғыны алыпты. Бұл туралы білмеген жаттықтырушылар штабы ескі телефон нөміріне СМС хабарламасын жіберіпті - деп хабарлады  ҚазАқпарат


Зейнеткер болса, өз кезегінде Сочидағы Олимпиадаға қатысу мүмкіндігінен бас тартпады.

«Мен 67 жастағы канадалықпын, алайда АҚШ үшін ойынға қатысуға дайынмын, - деп жауап берген зейнеткер. - Меніңше, бүкіл Канада бұған қуанады».


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!