Еуропа күтіп отырған 10 трансфер

Фотография - Еуропа күтіп отырған 10 трансфер

Қысқы трансфердің есігі ашылды. Еуропа футболы біраз дүрлігетін болды. Футболшылар дәрежесін өсіру үшін, тәжірибесін толықтыру үшін клуб ауыстырып жатыр. Алдарыңызда  Еуропа күтіп отырған 10 трансферді ұсынамыз.

251 0

Қысқы трансфердің есігі ашылды. Еуропа футболы біраз дүрлігетін болды. Футболшылар дәрежесін өсіру үшін, тәжірибесін толықтыру үшін клуб ауыстырып жатыр. Алдарыңызда  Еуропа күтіп отырған 10 трансферді ұсынамыз.

Диего Коста «Атлетико» (Испания).

«Атлетико» футбол командасын қазірде өрге сүйреп жүрген үздік ойыншылардың бірі Диего Костаны өз қатарына қосып алуға талай команда үмітті. Үміткерлер қатарында «Арсенал», «Челси» және «Боруссия Д» клубтары бар. Танымал transfermarket.de сайтының берген бағасы 25 миллион еуро. 25 жастағы футболшыны осыған дейін елемей келген басшылықтар биылғы маусымда еріксіз мойындап жатыр. Роналду, Мессимен бір қатарда болудың өзі жетістік. Испания примерасындағы мергендер тізімінде есімін алдыңғы қатарға жазып үлгерген Коста қысқы ауысым барысында ауысатын үздік ойыншылардың қатарында.

Серхио Агуэро «Манчестер Сити» (Англия).

Англия премьер-лигасындағы «жыртқыш» ойыншылардың бірі. Биылғы маусымда өткізген кездесулерінде 13 гол салып шықты. Агуэроны алуға трансфердің «төрелері» «Реал» мен «Барселона» футбол клубтары үміткер. Агуэроға  transfermarket.de  берген бағасы - 40 миллион еуро. Ауысым барысында алдына жан салмайтын үздік клубтар Агуэроның құнын көрсетілген сомадан да жоғарлатуы мүмкін.

Хуан Мата «Челси» (Англия).

Моуринью клубқа қалай келді, солай командадан Матаның күні бата бастады. Матаның биыл көрсеткен ойыны мен былтырғы кездесулерін салыстыру өте қиын. «Челси» футбол клубында аз уақыттың ішінде бойтұмар ойыншылардың бірі болған Матаға «ПСЖ», «Валенсия», «Атлетико» және «Ювентус» клубтары үміткер. Тransfermarket.de  Матаны 45 миллион еуроға бағалаған.

Анхель Ди Мария «Реал» (Испания).

Гарет Бэйлге өзінің алаңдағы орнын беріп қойған футболшы биылғы маусымды қосалқы құрамда көп өткізді. Желтоқсан айының басында Ди Марияны «Монако» командасы transfermarket.de  көрсетілген Анхельдің 34 миллион еуросын толық бере алатындықтарын айтқан.

Николас Отаменди «Порту» (Португалия).

Трансфердің есігі ашылысымен «Монако» командасының ұжымы білек сыбанып кірісіп кетті. Үздік ойыншылардың біразына дерлік көз салуда. Солардың ішінде Николас Отаменди де бар. Отамендиді transfermarket.de сайыты 13 миллион еуроға бағалаған.

Юлиан Дракслер «Шальке» (Германия).

Дракслерді өз қатарына алғысы келетін командалар өте көп. «Манчестер Юнайтед», «Арсенал», «Челси», «Ливерпуль», «Реал», «Барселона» және «ПСЖ» футбол командалары үміткер болып тұр. Дракслерге үмітті командалардың тізімі ұзын-сонар жалғаса береді.  Дракслерді transfermarket.de 30 миллион еуроға бағалады.

Марко Ройс «Боруссия» (Германия).

Чемпиондар лигасының финалына дейін жеткен әріптестерінің біразынан көз жазып қалған Ройс та клубтан кетеді деген сыбыстар бар. Ройсты алуға белсеніп отырған «Манчестер Юнайтед» командасы. Ройсты transfermarket.de порталы 34 миллион еуро деп тұжырымдаған.

Марк-Андре тер-Штеген «Боруссия Менхенгладбах»

Еуропаның ірі сайыстарының бірінде көзге түскен жас ойыншы Марк-Андрені өз сапына шақырып отырғандар көбейді. Олардың ішінде «Милан», «Ювентус», «Барселона» және «Арсенал» командалары бар. 21 жастағы тер-Штегенді әр клуб негізгі қақпашы етуге әзір екендіктерін жеткізген.

Хавьер Пасторе «ПСЖ» (Франция).

«Аргентиналық Каканы» Италия елінің клубтары шақырып отыр. Италияның А Сериясында жеңіліссіз келе жатқан «Рома» және нәтижесі тәуір «Интер» командалары өздерінің келісімшарттарын ұсынып отыр. Пастореге transfermarket.de берген бағасы 27 миллион еуро.

Роберт Левандовский «Боруссия» (Германия).

Былтырғыдай ойын көрсетпесе де, биыл жақсы нәтиже көрсеткен Левандовскийді өзіне шақырып отырғандар көп. Олардың қатарында «Барселона», «Бавария», «Манчестер Сити», «Манчестер Юнайтед», «Челси» және «Арсенал» клубтары бар. Левандовскийді transfermarket.de сайты 39 миллион еуроға бағалады.


Тегтер:

футбол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!