Сочи Олимпиадасына билет қаңтар айында да сатылады

Фотография - Сочи Олимпиадасына билет қаңтар айында да сатылады

Қысқы олимпиада ойындарына билеттер 8 қаңтарға дейін сатылады

123 0

Қысқы олимпиада ойындарына билеттер 8 қаңтарға дейін сатылады. Жарыстар мен Салтанатты ашылу және жабылу кезіне билеттер ресми tickets.sochi2014.com сайтынан алуға болады.

«Билеттер құны 2340 теңгеден басталады (500 рубль). Ресми сайтта жанкүйерлер басқа жанкүйерлердің билетін сатып алуына болатын Fan2Fan парақшасы ашылды. Fan2Fan — басқа көрерменнің билетін заңды түрде сатып алуға болатын жалғыз ресми он-лайн парақша», - деп хабарлайды Сочи-2014 ұйымдастыру комитетінің баспасөз орталығы.

«Сочи 2014» билет бағдарламасы қысқы ойындар тарихында спорт түрінің көптігі және ойындар қатарына қосылған жаңа жарыстар саны бойынша ең ауқымдысы.

1 желтоқсанда Ресейдің Сочи қаласында өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарына келетін туристерге жеңілдетілген виза беру тәртібі енгізілген. Виза алу .үшін дүниежүзіндегі ресейлік елшіліктерде ашылған «Олимпиада терезесіне» өтініш беру керек. Ресей визасын алу үшін кезекке тұрудың қажеті жоқ әрі аялдайтын қонақүйді белгулеу талап етілмейді. Виза алуға берілген өтініші қысқа мерзім ішінде қаралады - деп хабарлады  baq.kz

«Виза алушы адам қысқы ойындар мен спорт жарыстарына қатысатындығын нақтылауы тиіс. Бұл үшін жарыс немесе ашылу салтанатының билетін, боламса жанкүйер құжатын ұсынуы керек», - делінген хабарламада.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!