«Астана» футбол клубы Дубайда оқу-жаттығу жиынын өткізуде

Фотография - «Астана» футбол клубы Дубайда оқу-жаттығу жиынын өткізуде

«Астана» футбол клубы Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізуде

293 0

«Астана» футбол клубы Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізуде.

Бұл астаналықтардың жаңа маусымға дайындық барысындағы екінші жиыны болмақ. 5 қаңтар күні басталған бұл әзірлік 20 қаңтарға дейін жалғасатын болады.

Бұған дейін олар алғашқы жиынын 14-25 желтоқсан күндері Астанадағы өз базасында өткізген еді. Дубайда бұл жолы 3 бақылау ойыны өткізілмек. Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, әзірге қарсыластардың кім болатыны және бұл ойындардың қай күні өтетіні әзірге нақтыланбаған.

2009 жылы құрылған астаналық клуб 2009, 2013 жылдары ел чемпионатының күміс жүлдегері, 2010, 2012 жылдары Қазақстан кубогының, ал 2011 жылы Қазақстан суперкубогының иегері атанған болатын. Соңғы ел біріншілігінде Премьер-Лигада олар 116 ойын өткізді. Оның 63-інде басым түсіп, 31-інде жеңілсе, 22-сінде тең ойнады. Сондай-ақ, Қазақстан кубогы сайысындағы 17 ойынның 12-сінде қарсыластарынан мерейі үстем болып, екеуінде жеңіліп, екеуін тең аяқтады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!