«Тобыл» Бразилия, Корея, Ресей футболшыларымен спаррингтік кездесу өткізбек

Фотография - «Тобыл»  Бразилия, Корея, Ресей футболшыларымен спаррингтік кездесу өткізбек

Түркияда екінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Қостанайдың «Тобыл» футбол клубы бұл жолы 4 спарринг кездесу өткізбек. Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, қарсыластары бразилиялық, кореялық, ресейлік командалар болмақ. Ал төртінші команданың қай елден болатыны әзірге белгісіз

267 0

Түркияда екінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Қостанайдың «Тобыл» футбол клубы бұл жолы 4 спарринг кездесу өткізбек. Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, қарсыластары бразилиялық, кореялық, ресейлік командалар болмақ. Ал төртінші команданың қай елден болатыны әзірге белгісіз.

Тимур Оразов жаттықтыратын қостанайлықтар бұған дейін желтоқсан айында өткен алғашқы жиында черногориялық 2 ойыншымен келісімшарт жасасқан болатын. Олар шабуылшы Андрия Делибашич пен жартылай қорғаушы Митар Новакович. Сондай-ақ, қорғаушы Александр Шкотпен келісімшарт ұзартылды. Бас бапкер бұл жиынға негізгі құрамдағы қақпашылардан - Алмат Бекбаев пен Александр Петуховты, қорғаушылардан - Нұртас Құргулин пен Никола Тоневты, жартылай қорғаушылардан - Ермек Нұрғалиев, Анатолий Богданов, Ненад Шливич, Нұрбол Жұмасқалиев, Виталий Волков, Александр Андреев, Митар Новаковичті, шабуылшылардан - Әлішер Сүлей, Игорь Бугаев, Андрия Делибашич, Менсур Куртишиді шақырып отыр. Сондай-ақ қосалқы құрамдағы қақпашы Руслан Оразов пен шабуылшы Темірлан Эльмурзаевқа сенім артылуда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!