Андре Уорд Головкинді «ұлы шайқасқа» шақырды

Фотография - Андре Уорд Головкинді «ұлы шайқасқа» шақырды

Атақты америкалық боксшы Андре Уорд орта салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесіп, бокс тарихындағы ең үздік жекпе-жектің бірін өткізгісі келетінін мәлімдеді

214 0

Атақты америкалық боксшы Андре Уорд орта салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесіп, бокс тарихындағы ең үздік жекпе-жектің бірін өткізгісі келетінін мәлімдеді. Бұл туралы Vesti.kz хабарлап отыр. 

Бұдан бұрын америкалық ESPN сайты олардың жекпе-жегі 2014 жылы өткізілуі мүмкін деген болжам жасаған еді.

«Бұл кездесу бокс тарихындағы «ұлы шайқас» болары сөзсіз. Геннадий Головкин мұндай қошеметке лайық емес дейтіндер көп, бірақ өз басым оған үлкен құрметпен қараймын», - деп The Ring журналы Уордтың сөзінен үзінді келтіреді.

Әлі жеңілістің дәмін татпаған Уорд кәсіпқой бокс рингінде 27 кездесу өткізіп,оның 14-ін мерзімінен бұрын аяқтаған. Головкин 28 кездесудің бәрінде жеңіске жеткен (25 нокаут).


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!