Қазақстан жастар құрамасы Достастық кубогына дайындықты бастады

Фотография - Қазақстан жастар құрамасы Достастық кубогына дайындықты бастады

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтетін «Достастық кубогына» дайындықты бастап кетті

360 0

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтетін «Достастық кубогына» дайындықты бастап кетті. Vesti.kz сайтының хабарлауынша футболшыларымыз 9 қаңтар күні Түркияға аттанбақ.

    Екі аптаға созылатын Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында жерлестеріміз «Достастық кубогына» дайындықтарын пысықтайтын болады. Жақында ғана жастар құрамасының тізгінін қолына алған литвалық маман Саулис Ширмялис бұл жолы негізінен 1993 және 1994 жылғы жастарға сенім артпақ.

Жаңа бапкерге, жаңа құрамаға бейімделіп, сіңісіп кетулері үшін де біраз уақыт қажет. Міне, Түркиядағы жиын осы мақсатта ұйымдастырылмақ. Ал одан кейін жастарымыз Петерборға бет алып, 24 қаңтар мен 2 ақпан аралығында өтетін дәстүрлі турнирге қатысады. Айта кетейік, «Достастық кубогының» топтық кезеңінде жерлестерімізге Өзбекстан, Белоруссия және Латвия құрамалары қарсылас болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!