Роналду президент қолынан орден алды

Фотография - Роналду президент қолынан орден алды

25 0

Португалия президенті Анибал Каваку мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Криштиану Роналдуға мемлекетке сіңірген еңбегі үшін орден тақты деп хабарлайды AFP. Осылайша португалдық аяқ доп шебері Инфант дон Энрике Орденінің кавалері атанды.

"Португалия атынан әлемге шығу - мен үшін үлкен мәртебе. Ал, бұл награда мені одан әрі "қамшылайтын" қосымша ынта болмақ. Мен енді мұны кеудеме таққаннан кейін қазіргіден де көп еңбектеніп, тер төгуім қажет. Мен өз ұлттық құрамаммен бірге Әлем чемпионатын жеңіп алатынымызға сенімдімін" деді Роналду салтанатты шара барысында.

Айта кетейік, қаңтар айының 13 жұлдызында Криштинау Роналду әлемдегі ең үздік футболшыға берілетін "Алтын доп" сыйлығының иегері атанған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!