Қазақтың былғары қолғап шебері Азияның жыл боксшысы деп танылды

Фотография - Қазақтың былғары қолғап шебері Азияның жыл боксшысы деп танылды

17 0

Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) қазақстандық спортшы Самат Башеновті Азияның жыл боксшысы деп атады, деп хабарлайды Astana Arlans клубының ресми сайты.

Былтыр Астана Арландары сапында WSB чемпионы атанған С.Башенов бес кездесуде жеңімпаз деп танылса, бір рет украиналық Василий Ломаченкоға жол берген. Биылғы маусымда ол Russian Boxing Team командасының спортшысы, Универсиада чемпионы Адлан Абдурашидовты жеңді. Ал екінші матчта  Baku Fires өкілі Альберт Селимовқа жол берді.

Айта кетейік, бұның алдында тағы бір қазақ боксшысы Руслан Мырсатаев WSB бойынша Азияның үздік боксшысы атанған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!