А.Радваньска В.Азаренконы жартылай финалға жібермеді

Фотография - А.Радваньска В.Азаренконы жартылай финалға жібермеді

77 0

Бүгін теннистен Австралияның ашық чемпионатында әйелдер арасында жартылай финалға шыққандар түгел белгілі болды.

Поляк теннисшісі Агнешка Радваньска үш партияда (6:3, 5:7, 6:0) әлемнің екінші ракеткасы, бұған дейін 2012-2013 жылдары Австралия біріншілігінің қос дүркін жеңімпазы атанған белоруссиялық Виктория Азаренконы тізе бүктіріп, тұғырдан тайдырды. Бұл ойынға А.Радваньсканың тыңғылықты дайындалып келгені, ойын тактикасын шебер құра білгені көрініп тұрды. Поляк қызы жартылай финалда бүгін румыниялық Симона Халепті 6:3, 6:0 есебімен оңай жеңген словакиялық Доминика Цибулковамен кездеседі. Келесі жартылай финал жұбы - қытайлық тәжірибелі теннисші Ли На мен канадалық 19 жасар Эжени Бушар. Бұлардың ішінде әлем біріншілігімен бірдей болып есептелетін «Үлкен дулығаны» ұтқан Ли На ғана. Ол 2011 жылы қытай қыздары арасында тұңғыш рет Ролан Гаррос чемпионы атанған болатын. Қалған үш үміткер «Үлкен дулыға» биігіне көтеріліп көрген жоқ. Сөйтіп биыл Австралияның жаңа чемпионы белгілі болмақ.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!