Еуропа елдеріне Сочиге атлет жібермеу туралы хаттар келді

Фотография - Еуропа елдеріне Сочиге атлет жібермеу туралы хаттар келді

145 0

Еуропаның бірнеше мемлекетінің олимпиада комитеттеріне Сочи олимпиадасында теракті жасалады деген қоқан-лоқы көрсеткен электронды хаттар түсе бастады.

Венгрия, Германия, Австрия және Италияның ұлттық олимпиада комитеттерінің басшылары 22 қаңтарда спорт делегацияларын 7 қаңтарда Сочиде басталатын олимпиадаға бармауға шақырған хаттар алғанын мәлімдеді.

Бірақ Халықаралық олимпиада комитеті Венгрия ұлттық олимпиада комитетіне жолданған электрондық хатта қоқан-лоқы көрсету жоқ, ол тек қарапайым азаматтың "кездейсоқ жіберген хатына ұқсайды" дейді.

Ресейдің олимпиадалық ұйымдастыру комитеті олимпиада ойындарына ешқандай "қауіп жоғын" айтады.

Ресей билігі Сочиде қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр. Осы аптада Ресей арнайы қызметі Сочиде жарылыс жасауға тырысуы мүмкін деген күдікпен төрт әйелге іздеу жариялаған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!