Геннадий Головкин "Жыл боксшысы" атана алмады

Фотография - Геннадий Головкин "Жыл боксшысы" атана алмады

93 0

«Жыл боксшысы» атағынан үміткер болған жерлесіміз Геннадий Головкин американдық Флойд Мейвезерге жол беріп қойды деп хабарлайды Vesti.kz.

Мейвезер "Жыл боксшысы" атағын осымен екінші рет иемденіп отыр. Ол 2007 жылы да әлемдегі ең үздік боксшы атанған болатын. Биыл Геннадий Головкиннен бөлек осынау атаққа  Адонис Стивенсон (Канада), Сергей Ковалев (Ресей), Тимоти Брэдли (АҚШ) және Дэнни Гарсия (АҚШ) таласты.

Ал, "Жыл бапкері" болып алтыншы рет Фредди Роуч ( Мэнни Пакьяоның жаттықтырушысы) танылып отыр. Айта кетейік, бұл номинацияға үміткер ретінде Головкиннің бапкері Абель Санчес те қатысқан еді.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы Геннадий Головкин шаршы алаңға төрт рет шығып, барлығында да жеңіске нокаутпен жеткен болатын. Ал, USА Today басылымы сол кезде отандасымызды "Жыл боксшысы" деп атаған да еді. Кейін Yahoo! Sports бұрынғы әлем чемпионы жапондық Нобухиро Ишиданы ойсырата жеңгені үшін Генаға " Жыл нокауты" атағын берген. RingTv.com мен World Boxing New сайты да Геннадий Головкинді жылдың үздігі деп таныды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!