Михаэль Шумахер есін жия бастады

Фотография - Михаэль Шумахер есін жия бастады

89 0

"Формула-1" жарысының жеті дүркін жеңімпазы Михаэль Шумахер комадан шығарылу кезеңіне қосылды. Францияның Гренобль ауруханасының дәрігерлері терең ұйқыда жатқан спортшыны біртіндеп оятып жатыр.

Михаэль Шумахерді ояту кезеңі осы аптада басталған. Дәрігерлердің айтуынша, спортшыны ояту ойдағыдай жүргізіліп келеді.

Айта кетейік, таудағы оқыс оқиғадан соң "Формула-1" шабандозын дәрігерлер жасанды түрде ессіз күйге енгізген болатын. Алғашқы күндері Шумахерге екі бірдей ота жасалған. Миының ары қарай қабынбауы үшін оның дене температурасын 35 Цельсий градусқа төмендетіліпті. Спортшыны толықтай қашан оянатыны әлі белгісіз.

Естеріңізге салайық, 2013 жылдың 29 желтоқсанында Францияның Мерибелінде шаңғы теуіп жүрген Михаэль Шумахер құлап кетіп, басын тасқа ұрған болатын. Ауыр соққыдан спортшының арнайы бас киімі екіге бөлініп қалған. Шаңғы да, бас киім де тексеруден өтіп, тау шаңғы трассасы қажетті талаптарға сай екені анықталды. Тексеру әлі де екі аптаға созылмақ.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!