Екі қазақстандық телеарна Геннадий Головкин мен Осуману Адаманың жекпе-жегін көрсетеді

Фотография - Екі қазақстандық телеарна Геннадий Головкин мен Осуману Адаманың жекпе-жегін көрсетеді

32 0

WBA және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы бокстан әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин өз атағын сақтап қалуы үшін ганалық Осуману Адамамен жекпе- жекке шығады, деп хабарлады Vesti.kz. тілшісі.

Кездесу Монакода өтеді, жекпе-жекті отандық екі арна «Қазақстан» және KazSport тікелей эфирден көрсетеді. Головкин мен Адаманың қолғап түйістіруі боксшылар кешінің басты оқиғасына айналады: шаршы алаңға қарсыластар ақпанның 1-інен 2-іне қараған түні, сағат 2-ден 3-ке дейінгі аралықта шығады. Сонымен қатар, KazSport эфирде сағат 22.40-та бастап бәсекелерді түгелдей көрсетуді жоспарлап отыр. Ал «Қазақстан» арнасы  Астана уақыты бойынша сағат 2.30-датек қазақстандықтың қатысуымен өтетін айқасты   ғана көрсетеді.

Айта кетейік, ойын алдында  салмақтары өлшенді: екі спортшының да салмағы 72,2 кг (159,2 фунт) болып тең түсті.

Қазақстандық үшін бұл өз мансабындағы 29-шы кездесу: ол 28 рет жеңіске жеткен, 25-і - нокаут. Ганалық 33-жасар боксшы 25 рет жекпе-жекке шығып,  қарсыласын 16 рет сұлатып салған.

Еске сала кетейік, Головкин өзінің осының алдындағы  айқасында америкалық Кертис Стивенсті нокаутқа жіберіп, мерзімінен бұрын аяқтаған еді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!