Роджер Федерер Қазақстан құрамасына қарсы өнер көрсетеді

Фотография - Роджер Федерер Қазақстан құрамасына қарсы өнер көрсетеді

21 0

Швейцарияның аты әлемге танылған теннисшісі Роджер Федерер Дэвис кубогын сарапқа салар ойындаҚазақстан құрамасына қарсы деп хабарлайды Vesti.kz.

Әйгілі теннисші Дэвис кубогының ширек финалында өз елінің атынан сайысқа түспек. "Мен команданың сапында достарым капитан Сэвпен(Северин Люти) және Стэнмен (Станислас Вавринко) сәуір айында Қазақстан құрамасына қарсы ойнаймын", - деп жазған Федерер өзінің Twitter парақшасында.

Дэвис Кубогының ширек финалындағы Қазақстан мен Швейцария кездесуі 4 - 6 сәуір аралығында өтеді. Еліміздің теннисшілері бұдан алдын Бельгия құрамасын 3:2 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алған болатын. Осылайша, қазақстандық теннисшілер төрт жыл ішінде үшінші рет Дэвис Кубогының ширек финалында әлемнің мықты спортшыларымен кордқа шығып отыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!