Pro Team Astana қазақстандық командасы «Dubai Tour» велоспорты бойынша жарыстарға қатысады

Фотография - Pro Team Astana қазақстандық командасы «Dubai Tour» велоспорты бойынша жарыстарға қатысады

19 0

Біріккен Араб Әмірліктерінде 5-8 ақпан аралығында алғаш рет көпкүндік «Дубай туры» (Dubai Tour) веложарысы өтеді.

«Дубай туры» UCI велошабандоздарының халықаралық одағы ұйымдастырған жарыстардың «Азиялық турдағы» бірінші кезеңі болады. «Дубай туры» жарысына қатысу үшін атақты отандық спортшы Александр Винокуровтың басшылығымен «Pro Team Astana» велошабандоздары қазақстандық командасы келді.

Сәрсенбіде  жарыс «Даунтаун Дубай» қаласының  орталығында 10 шақырымдық қашықтықта басталады. Келесі үш күн ішінде әлемнің жетекші велоспортшылары әмірлік мегаполисінің қызулы орталығында және Дубайдың негізгі көрікті жерлерінің маңында жарысқа түседі.

"Дубай туры" жарысын өткізуге БАӘ-нің климаттық ерекшеліктеріне байланысты ақпан айы таңдалған. Нақ осы қысқы уақыт Біріккен Араб Әмірліктері мен Парсы шығанағының басқа елдерінде халықтың көшеде серуендеуіне ең қолайлы кез болып  саналады. Күндіз ауа райы 24-26 градус ыстық болады, бұл спортшыларға тамаша  нәтиже көрсетулеріне мүмкіндік береді.

Әмірліктер билігі елде велоспорттың бұқаралық дамуына мүдделі. Өткен жылы Дубайда қажетті барлық жағдайларымен жаттығу өткізуге қолайлы 68 шақырымдық жарыс жолы ашылған болатын.

 


Тегтер:

Спорт @kz

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!