Футболдан ұлттық құраманың бас бапкерінің есімі белгілі болды

Фотография - Футболдан ұлттық құраманың бас бапкерінің есімі белгілі болды

56 0

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып Юрий Красножан тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан Футбол федерациясының бірінші вице-президенті Саян Хамитжанов мәлім етті.

«Юрий Красножан Нальчик қаласының «Спартак» командасын 11 жыл баптаған маман. Кейіннен 2010 жылдан бастап «Локомотив», «Анжи» және «Кубань» ойыншыларын да жаттықтырған. Ол ойын жүргізу тактикасын өте жақсы меңгерген маман», - деп атап өтті ол.

Юрий Красножан 1963 жылы 7 маусымда Ресейдің Нальчик қаласында дүниеге келген. Түрлі жылдарда Ресейдің «Спартак», «Локомотив», «Анжи», «Кубань, «Терек» командаларын, Ресейдің олимпиадалық құрамасын жаттықтырған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!