«Астана» велокомандасы «Катара-2014 турына» қатысады

Фотография - «Астана» велокомандасы «Катара-2014 турына» қатысады

25 0

«Астана» велокомандасы 2014 жылғы 9-14 ақпан аралығында өтетін «Катара-2014 туры» көпкүндік жарысына қатысады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақстан командасының құрамында 8 спортшы бар, олардың арасынан итальяндықтар Джакопо Гуарниери, Андреа Гуардини және Валерио Агноли, қазақстандықтар Валентин Иглинский және Дмитрий Муравьев, американдық Эван Хаффман, словениялық Борут Бозич және голландиялық Льюве Вестра сынды саңылақтарды атап өтуге болады.

Турнир 2002 жылдан бері өткізіліп келеді. Биылғы жылы 19 команда жарысқа түседі, олар жалпы ұзақтығы 700 шақырымнан асатын алты кезеңді еңсеруі тиіс.

«Катара-2013 турында» «Астанадан» украиндық Андрей Гривко 18-орынды еншілеп, үздік деп танылған. Ол жолы британдық Марк Кэвендиш жеңімпаз атанған еді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!