Мемлекет басшысы «Россия» телеарнасының журнласиіне сұхбат берді

Фотография - Мемлекет басшысы «Россия» телеарнасының журнласиіне сұхбат берді

28 0

Қазақстанның ұлттық олимпиадалық комитетінің қонақ қабылдау үйінде өткен әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Сочидегі қысқы Олимпиадаға дайындық кезінде орасан жұмыс жүргізілгенін, соның арқасында қала айрықша жаңарып, жоғары деңгейдегі курорттық аймаққа айналғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы сондай-ақ ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, соның ішінде Қазақстанның астанасын салу да әрдайым бірқатар сынға ұшырағанын, бірақ нәтижесінде осының бәрі қарапайым азаматтар үшін қолайлылық пен жайлылықты арттыруға әкелетінін айтты.

Қазақстан Президенті Алматыда қысқы Универсиаданы өткізу дайындығының жоспарлары және 2022 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізуге өтінімді даярлау барысы жайында ой бөлісті.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің қысқы Олимпиадалық ойындарды табысты өткізуіне тілектестік білдіріп, бұл кезеңде әлемдегі қақтығыстар мен шиеленістер деңгейі едәуір бәсеңдейтініне үміт артты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!