Сочиде есікті сындырған америкалық спортшы лифтке қамалып қалды

Фотография - Сочиде есікті сындырған америкалық спортшы лифтке қамалып қалды

17 0

Бобслейден АҚШ-тың Сочиге үкілеп үміт артып жіберген спортшысы Джонни Куинн тағы да көпшілік назарында. Бұған дейін жуыну бөлмесінің есігін сындырып ашқан америкалық бұл жолы лифт ішінде қамалып қалды.

"Бәлкім ешкім сене қоймас, бірақ біз лифт ішіне қамалып қалдық" деп жазды Куинн өзінің Твиттер парақшасында.

Естеріңізге салайық, өткен аптаның сенбісінде спортшы қонақ үйдегі шомылу бөлмесіне қамалып қалып, есігін ұрып сындырған болатын. Кейін Твиттер парақшасында: "Мен шомылып болған соң бөлмеден шыға алмай қалдым. Өзіммен бірге телефоным болған жоқ. Амал жоқ, спортта үйренген тәсілді қолдандым" деп жазған еді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!