Чеботько - ширек финалда

Фотография - Чеботько - ширек финалда

266 0

Сочидегі Олимпиада ойындары аясында жарыс жолына шыққан үш қазақстандық шаңғышының арасынан Николай Чеботько спринттік бәсекенің еркін стильдегі сайысында үздік отыздыққа енді.

Еркін стильдегі іріктеу спринтіне ерлерден Қазақстан намысын шаңғышылар Николай Чеботько, Денис Волотка және Роман Рогозин қорғаған болатын. Чеботько 3 минут 37,88 секунд көрсеткішімен жалпы есепте 30-шы орын иеленді. Денис Волотка болса - 58-орында, Роман Рогозин 33-орында келді. Үздік 30 спортшы біліктілік сайысынан өтіп, ширек финалға жолдама алды.

Еске сала кетер болсақ, Николай - классикалық стильдегі командалық спринтте Әлем чемпионатының қола жүлдегері.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!