Тау шаңғысынан жылдам түсуден екі бірдей спортшы Олимпиада чемпиондары атанды

Фотография - Тау шаңғысынан жылдам түсуден екі бірдей спортшы Олимпиада чемпиондары атанды

28 0

Бүгін Сочиде өтіп жатқан қысқы олимпиада ойындарында ерекше жағдай тіркелді.

Тау шаңғысынан жылдам түсуден швейцариялық Доминик Гизин алда келе жатқан (уақыты - 1:41.57). Міне, қызық, словениялық атақты спортшы Тина Мазе өз кезегінде тура сол уақытты көрсетпесі бар ма! Секундтың жүзден бір бөлігіне дейін бірдей. Сөйтіп спорттың бұл түрінен қос бірдей алтын медаль берілетін болды (жарыстарда мұндай оқиғалар өте сирек). Күміс жүлде жоқ, қола тағы бір швейцариялық Лара Гуттың еншісінде.

Тағы бір атап өтетін жайт, отыз жасар Тина Мазе көптен армандаған нәтижесіне қол жеткізді. Қос мәрте әлем чемпионы, Ванкуверде екі дүркін күміс жүлдегер атанған ол - Словениядан шыққан тұңғыш қысқы олимпиада чемпионы. Жалпы, словениялық спортшыларға Сочи жағып тұр. Бұған дейін бір күміс, екі қола медальді иеленген олар бүгінгі алтынмен командалық есепте алғашқы ондықтың қатарына қосылды.

Словениялықтардың бұл табысы Қазақстанға да жұғысты болғай!



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!