Әйгілі боксшы Майк Тайсон киноға түседі

Фотография - Әйгілі боксшы Майк Тайсон киноға түседі

24 0

Аты аңызға айналған боксшы Майк Тайсон мен танымал Голливуд актрисасы Памела Андерсонның есімдері бір киноафишадан көрініс табуы мүмкін, деп жазады РБК.

Ауыр салмақтағы американдық спортшы мен көптеген киноларда сомдаған рөлдерімен көпшілікке кеңінен танымал актриса неміс режиссері Вернер Херцогтің жаңа фильміне түсуге ұсыныс алған. Қазіргі кезде келіссөздер жүріп жатыр. Әйгілі жұлдыздар кинокартинаға қатысты жұмыстар барысын талқылау үстінде, деп хабарлайды француз басылымы Gala.

Фильмнің түсірілімі жаз айларында басталады, деп жоспарлануда. Майк Тайсон мен Памела Андерсон өз шешімдерін жақын арада жариялайтындарын мәлім еткен.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!