Бүгін қазақстандықтар спорттың үш түрінен жарысқа түседі

Фотография - Бүгін қазақстандықтар спорттың үш түрінен жарысқа түседі

10 0

Бүгін Олимпиада ойындарында Қазақстан спортшылары 3 спорт түріннен бақ сынайды.

Астана уақытымен 12.00 кезінде ерлер арасында тау шаңғысынан (супер-гигант) жарыс басталады. «Роза Хутор» тау шаңғысы орталығындағы жарысқа еліміздің үш спортшысы - Дмитрий Кошкин, Мартин Хубер және Игорь Закурдаев қатысады.

Шаңғы жарысына қатысушы командалар «Лаура» шаңғы жарысы және биатлон кешеніне жиналады. Осы жерде 16.00 кезінде ерлер арасында 4х10 шақырымға жүгіру басталады. Қазақстандық команданың құрамында Сергей Черепанов, Марк Старостин, Денис Волотка, Евгений Величко бар.

Сондай-ақ тағы бір қазақстандық спортшы бүгінгі додада бақ сынайды. Атап айтқанда, конькимен жылдамдыққа жүгіруден Екатерина Айдова 1500 метр қашықтықта бәсекеге түседі.

Сайыс 20.00 кезінде «Адлер-Арена» конькимен жүгіру орталығында басталады. Айдова австриялық спортшы Ванесса Биттнермен жұптасып, бірінші болып жүгіреді.

Олимпиададағы бәсекелерді «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар


Тегтер:

Спорт @kz

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!