Қазақстандық Дмитрий Кошкин Сочиде тау шаңғы спортынан 30-орынды иеленді

Фотография - Қазақстандық Дмитрий Кошкин Сочиде тау шаңғы спортынан 30-орынды иеленді

27 0

Сочи Олимпиадасында тау шаңғы спортынан тағы бір жарыс (супер-гигант) аяқталды.

Ойындар Роза Хутор тау шаңғы орталығында өтіп, оған 63 спортшы қатысты.

Жарыстарға Қазақстанның атынан үш шаңғышы – Дмитрий Кошкин, Мартин Хубер мен Игорь Закурдаев жарыс жолына шықты. Олардың арасында ең жақсы нәтижені мәре сызығын 30-шы болып кескен Дмитрий Кошкин көрсетті - 1:21.50 мин.

М.Хубер мен И.Закурдаев сәйкесінше 40 және 44-шы орындарға жайғасты.

Супер-гигантта норвегиялық Кьетиль Янсруд Олимпиада чемпионы атанды. Күмісті америкалық Эндрю Вайбрехт, қоланы канадалық Ян Худек жеңіп алды.


Тегтер:

Спорт @kz

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!