Боксшыларымыз "Агонга кубогынан" алты алтын алды

Фотография - Боксшыларымыз "Агонга кубогынан" алты алтын алды

455 0

Бокстан Малайзияда өткен "Agong cup" турнирінде еліміздің талантты тарланбоздары алты алтын медаль олжалады, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі

Азиялық басылымдардың, атап айтқанда, thepapare.com сайтының деректеріне сенсек, бұл турнир алғаш рет 1996 жылы Малайзияда ұйымдастырылған. Бірақ кейінгі алты жылда әртүрлі себептермен өтпей қалған көрінеді. Биыл Малайзия астанасы Куала-Лумпурдан 400 шақырымдай Алор-Сетар қаласында жалауын қайта желбіреткен. Оған 20 жастан жоғары боксшылар қатысқан.

Қазақстан бокс федерациясы бұл турнирге сегіз елден 58 былғары қолғап шебері қатысқанын мәлімдеп отыр. Біздің ел бұл турнирге биыл қаңтар айында ғана құрылған тәжірибелік құрамасын жіберген болатын. Әлеуеті зор жастарымыз сенімді ақтап, алты рет Әнұранымызды Алор-Сетар төрінде құйқылжытып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болып қайтты.

Атап айтар болсақ, "Agong cup" турнирінде Әділбек Әділжан (56 келі), Бағдат Уайдаев (60 келі), Мәулен Өскенбек (64 келі), Айтжан Шілеев (69 келі), Нурзод Собиров (75 келі) және Тұрсынбай Құлахмет (81 келі) жеңімпаз атанып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Сонымен қатар, Мәулен Өскенбек "Agong cup" турнирінің ең үздік боксшысы болып танылған.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан тәжірибелік құрамасы ұлттық құрамамызға ізбасарлар дайындау мақсатында құрылған. Дәл қазір оның сапында 22 боксшы бар. Бұл құраманың үйлестірушісі болып Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев бекітілген.



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?