«Бавария» - Германия чемпионы

Фотография - «Бавария» - Германия чемпионы

533 0

Мюнхендік «Бавария» өткен маусымда футбол әлеміндегі барлық атаққа қол жеткізген еді. Бұл жылы да сол рекордты межесінен бұрын қайталауға асығатындай. Бундеслиганың 27-ші тур ойындарынан кейін Хосеп Гвардиола шәкірттері Германия чемпионы атанды. Ал өткен маусымда клуб бас бапкер Юпп Хайнкес басшылығымен 29-шы турдан кейін чемпиондық атаққа мерзімінен бұрын қол жеткізген болатын.

Берлиндегі «Олимпиштадионда» жергілікті «Гертамен» кездесу өткізген мюнхендік клуб 1:3 есебімен жеңіске жетті. 6 минутта Тони Кроос есеп ашса, 14 минутта Марио Гетце есепті еселей түсті. 66 минутта алаң иелері қатарынан Рамос пенальтиді сәтті орындап, есепті қысқартқан еді. Дегенмен Франк Рибери алаң иелерінің қуанышын көпке созбай, командасын айқын жеңіске жетеледі. Үздік ойыншы болып Марио Гетце танылды. Осылайша 27 турдан 77 ұпай жинаған «Бавария» қарсыластарынан қара үзіп, 24-ші чемпиондық атағын жеңіп алды.

 



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?