Роджер Федерер Кукушкинмен кездеседі

Фотография - Роджер Федерер Кукушкинмен кездеседі

355 0

Швейцариялық әйгілі теннисші Роджер Федерер Дэвис кубогі жолындағы жарыстың жеребе тарту рәсіміне қатысып, Швейцария-Қазақстан арасындағы кездесуден ешқандай сенсация күтпейтіндігін мәлімдеді деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен қазақстандық ойыншыларды жақсы білемін және алғашқы ойын нәтижесінің де қандай болатынын болжап отырмын. Қазақстан - тұрақты команда. Оның теннисшілері кез-келген уақытта ойын барысын өзгерте алады. Бұл жақсы қасиет" деді Федерер.

Ол Қазақстан жайында ешқандай мәлімет білмейтінін айтты.

"Қазақстан дегенде мен алдымен Голубевті білемін. Оны да тек ойыншы ретінде. Біз онымен Еуропада өткен жарыстарда және Австралияда кездескенбіз. Әрине, біздің ұлттық құрамады теннисшілер әлемдегі көшбасшылар қатарында. Оның үстіне, өз жерімізде өтетін кездесуде жанкүйерлеріміздің қолдауы арқасында жеңіске қиналмай жететінімізге сенемін" деді теннисші.

Айта кетейік, Федерер Дэвис Кубогінің жеребе тарту рәсіміне алғаш рет қатысып отыр. Бұған дейін ол баспасөз жиыны мен команданың кешкі асына да қатыспаған.

Естеріңізге салайық, кеше Женева қаласында Дэвис Кубогінің жеребе тарту рәсімі болып өтті. Швейцария-Қазақстан арасындағы кездесуді Станислав Вавринка мен Андрей Голубев ашады. Ал, Роджер Федерер Михаил Кукушкинмен өзара мықтыны анықтамақ. Айтулы бәсеке сәуір айының 4, 5 және 6 жұлдызында өтетді.



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?