УЕФА «Манчестер Сити» мен ПСЖ командаларын жазалайды

Фотография - УЕФА «Манчестер Сити» мен ПСЖ командаларын жазалайды

6272 0

УЕФА ағылшындық "Манчестер Сити" мен француздық ПСЖ футбол клубтарына санкция салатын болды. Қос команда да "fair play қаржысы" туралы ережені бұзғаны үшін айыпталып отыр. Бұл жайында The Guardian басылымы хабарлады.

Алдағы екі күнде УЕФА-ның қаржылық қадағалау жөніндегі Тәуелсіз органы алқалы жиын өткізіп, «Манчестер Сити» мен ПСЖ командаларына қандай жаза қолданылатынын шешеді. Белгілісі - екеуі де Чемпиондар Лигасы жолындағы жарыстан шеттетілмейді.

УЕФА мамандарының "қара тізіміне" тағы 20 команда ілінген. Алайда, олардың атаулары әлі жарияланған жоқ. Өйткені, аталған клубтар "Манчестер Сити" мен ПСЖ секілді ережені өрескел бұзбаған.

The Guardian басылымының хабарлауынша, "Манчестер Сити" рұқсат етілген қаржыдан бөлек 100 миллион фунтты (167,2 млн доллар) шығындаған. Мәселен, УЕФА клубтардың шығыны ретінде 37,2 миллион фунтты жұмсауға рұқсат берсе, ағылшындық клуб 149 миллион фунтты жаратып тастаған.

«Fair play қаржысы» деп аталатын ереже 2012 жылдан бері іске асып келеді. Оның талабына сәйкес, футбол клубтары жұмсайтын шығын көлемі табыс көлемінен асып түспеуі тиіс.


Тегтер:

футбол @kz

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?