433

«Милан» танымбелгісін ауыстырады

Фотография - «Милан» танымбелгісін ауыстырады

Италияның «Милан» футбол клубы алдағы 2014/2014 жылғы маусымда жаңа жейдесімен бірге клуб эмблемасын да ауыстыруды жөн санап отыр екен. Бұл туралы клубтың твиттердегі жеке парақшасында ақпарат жарияланды.

Бұл маусымда миландық клуб тамаша нәтижесімен көзге түсе алған жоқ. Тұңғиыққа батқан команданы құтқаруға келген Кларенс Зеедорф жұмысы соңғы турларда ғана жемісін беріп келеді. Ал клубтың танымбелгісі (эмблемасы) соңғы рет 1998 жылы ауысқан. Алдағы маусымда бұл өзгеріс орын алар болса, онда  клуб жиырмасыншы рет танымбелгісін ауыстырады екен.

 

Естеріңізге сала кетсек, Кларенс Зеедорф командасы 33-ші тур ойындары аясында «Катанияны» бір доп басымдығымен жеңіп, 8-ші орынға табан тіреп отыр.

Загрузка...