Головкин WBO чемпионы Питер Куиллинмен кездесуге ниеттеніп отыр

Фотография - Головкин WBO чемпионы Питер Куиллинмен кездесуге ниеттеніп отыр

237 0

WBA және IBO чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин WBO чемпионы Питер Куиллинмен кездесуге ниет танытып отыр.

«Мен барлығына ашықпын. Шаршы алаңда менімен жекпе-жекке шыққысы келетін боксшыларды көргім келеді. Егер Чавес менімен жұдырықтасқысы келмесе, менің салмағымдағы өзге де чемпиондар шығады деп үміттенемін. Мысалы, «Kid Chocolate» (WBO титулының иегері Питер Куиллин), - дейді Г.Головкин.

Сонымен қатар парақшада мәлім етілгеніндей, Головкиннің промоутері Том Леффлер Бүкіләлемдік бокс қауымдастығына (WBA) титулды қорғауға міндеттелген Джаррод Флетчермен болатын кездесуді Дэниэль Гилмен ұйымдастырылғалы жатқан жекпе-жек үшін кейінге шегеру жөнінде ұсыныс тастаған.

«Том Леффлер мен Гэри Шоу (Д.Гилдың промоутері) Головкин-Гил кездесуі бойынша келіссөздер жүргізуде».

Егер Гилмен арадағы жекпе-жек орын алатын болса, ол 20 мың орындық Madison Square Garden стадионында өтеді деп жоспарлануда. Леффлердің айтуынша, егер аталмыш шара өтетін болса, ол HBO Championship Boxing үшін биылғы жылдың ең керемет оқиғаларының бірі болар еді.

Головкиннің командасы рейтингте үшінші орында тұрған Гилмен кездесуді өткізуге үлкен қызығушылық танытуда. БАҚ пен мамандардың ойынша, Гил WBA титулының міндетті үміткері Джаррод Флетчерден әлдеқайда мықты.

Головкиннің сөзіне қарағанда, ол WBA-ның кез келген шешіміне сыйластықпен қарайды, дегенмен оған Гил лайықты қарсылас деп есептейді.

«Бір кездері ол бірнеше титулдың иегері болған боксшы. Ол тамаша боксшы екенін білемін. Онда неге болмасқа? Мен барлығын сыйлаймын, ол менің боксшы ретіндегі жұмысым», - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар Леффлер бұл жекпе-жек НВО трансляциясы үшін тамаша кездесу екенін атап өтті.

«Гил кезінде НВО-да жұдырықтасты. Біз оған сәуірде ұсыныс тастаған болатынбыз, дегенмен австралиялық pay per view үшін болмай қалды. Енді барлығы іске асатын секілді. Мен оның промоутерімен келіссөз жүргізудемін және олар жақсы өтуде», - дейді Леффлер.



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?