Шумахер есін жиды

Фотография - Шумахер есін жиды

376 0

Өткен жылдың соңында Альп тауларында шаңғымен сырғанап жүріп, ауыр жарақат алған Михаэль Шумахер есін жиды деп хабарлайды BBCNews. Әйгілі автошабандоз басын тасқа соғып алған болатын.

Ол Гренобль қаласындағы аурухананы тастап шыққандығын Шумахердің менеджері Сабина Кем мәлімдеді. Дегенмен, маман спортшыны қайда алып кеткендігі жайында ешқандай ақпарат таратқан жоқ.

Айта кетейік, сәуір айында дәрігерлер Шумахердің тіршіліктің белгісін бере бастағанын айтқан болатын. Ол 2012 жылы өзінің автоспорттан кететінін ресми түрде мәлімдеген. Жиырма жыл ішінде Шумахер Формула-1 жарысының жеті дүркін чемпионы атанды.


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?