535

"Реал" Фалькаоны сатып алды

Фотография - "Реал" Фалькаоны сатып алды

"Монаконың" шабуылшысы Радамель Фалькао испан футболына қайта оралуы әбден мүмкін. Бұл жолы "корольдік клубтың" жейдесін киеді деп күтілуде.

360Sources твиттері осы күндері колумбиялық ойыншының мадридтік клубпен арада келісімшартқа отырып үлгергенін хабарлайды.

Аталған твиттер ертеректе Иван Ракитичтің "Барселонаға" және Бакари Саньяның «Манчестер Сити» сапына қосылғанын бірінші болып хабарлаған екен.

Тағы бір басылым, бұл жолы BeIN Sports басылымы Фалькаоның Әлем Чемпионатынан кейін "Реалдың" жейдесін киетініне толықтай сенімді. Шабуылшы мен мадридтік клуб арасында келісім орнатылғанын жазуда.

Колумбиялық сұрмерген өткен маусымда жарақатына байланысты француз біріншілігінде 17 ойын өткеріп, 9 гол соққан болатын. Жарақатына байланысты мундиальға қатыса алмай қалып еді.

Загрузка...