Суарес "Барселонада" жылына 8 миллион алады

Фотография - Суарес "Барселонада" жылына 8 миллион алады

297 0

Уругвай құрамасы мен "Ливерпульдің" шабуылшысы Луис Суарес "Барселонамен" арада келісімшарттың жөн-жоралғысын жасасты, деп хабарлайды  El Mundo Deportivo.

Каталондық клуб уругвайлық ойыншыға жылына 8 миллион еуро төлеп тұратын болады.

"Барселона" Суарес үшін 24 миллион фунт стерлинг пен Алексис Санчесті жөнелтуге дайын.

Естеріңізге сала отырсақ, Әлем Чемпионатында Луис Суарес Италияның қорғаушысы Джорджо Кьеллиниді тістеп алғаны үшін ФИФА-ның тарапынан жазаланған еді. Талантты футболшы төрт айға футболдан шеттетілген-ді және стадиондарға бас сұғуына тыйым салынған-ды.



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?