455

Германия Бразилияны 7:1

Фотография - Германия Бразилияны 7:1

Бүгiн Бразилияда өтiп жатқан футболдан әлем чемпионатының жартылай финалдық бәсекесiнде Бразилия Германия құрамасынан 1:7 есебiмен жеңiлiс тапты.

Белу-Оризонти қаласындағы "Минерау" стадионында өткен матчтың небәрi 30 минуты iшiнде германиялықтар 5 гол тоғытып, алаң иелерiн меңiреу кейiпке түсiрдi. Гол авторлары: Томас Мюллер (11-ші минут), Мирослав Клозе (23-ші минут), Тони Кроос (24 және 26-шы минуттарда), Сами Хедира (29-шы минут).

Екiншi таймда Клозенi алмастырған Андре Шюррле дубль авторы атанып, есептi 7:0-ге жеткiздi. Ойынның соңғы минутында бразилиялық ойыншы Оскар өз командасының "жетiм" голын салып, есептi аз да болса қысқарта алды.

Айта кетейiк, бұл кездесуге бразилиялықтардың көшбасшысы Тиагу Силва мен команданың үздiк шабуылшысы Неймар алаңға шыға алмаған болатын.

Ал Мирослав Клозе әлем чемпионаттарында 16-шы голын салып, әлемдiк рекордқа қол жеткiздi. Бұның алдында ол бразилиялық шабуылшы Роналдомен бiрге осы рекордты бөлiсiп келген болатын.

Загрузка...