Бразилия 0:3 Нидерланды

Фотография - Бразилия 0:3 Нидерланды

390 0

 Бүгiн футболдан әлем чемпионатының үшiншi орын үшiн болған матчта Бразилия Нидерландыдан 0:3 есебiмен есе жiбердi.

Ойын басталысымен алаң иелерi қарсыластар қақпасына лап қойған болатын. Алайда доптан тез айырылып, Роббендi жеке дара қақпашымен шығуына мүмкiндiк берiп алды, команда капитаны Луис Густаво нидерландылық шабуылшыны тартып жығуға мәжбүр болды. 3-шi минутта белгiлен пенальтидi Робин Ван Перси мүлтiксiз орындап, голландиялықтарды алға шығарды.

Есенi айтаруға асыққан алаң иелерi 17-шы минутта өз қақпаларына тағы бiр гол өткiзiп алды. Доп авторы: Дэйли Блинд.

Ал 91-шы минутта Вейналдум пентакампиондарға үшiншi допты тоғытып салды.

Бразилиялықтар оқтын-оқтын шабуылдарға шығып тұрғанымен, нидерландықтарға матч барысында бiрде-бiр гол енгiзе алмай кеттi. Қорытынды есеп - 3:0, Голландия - әлем чемпионатының қола жүлдегерi.



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?