470

Зульфия Чиншанло мен Мария Грабовецкая Азия ойындарына баратын болды

Фотография - Зульфия Чиншанло мен Мария Грабовецкая Азия ойындарына баратын болды

Лондон олимпиадасының чемпионы Зульфия Чиншанло мен Бейжің олимпиадасының қола жүлдегер Мария Грабовецкая және  әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешов Азия ойындарына баратын Қазақстан құрамасының құрамына енді.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Алматыда өткен Анатолия Храпатый атындағы турнирден соң Қазақстан құрамасының бас бапкері ауыр атлетикадан Инчхонда өтетін Азия ойындарына баратын спортшыларды атады. Кореяға әйелдер құрамасынан: Маргарита Елисеева ( 48 келіге дейін), Зульфия Чиншанло ( 53 келіге дейін), Сәуле Сәдуақасова ( 58 келіге дейін), Карина Горичева ( 63 келіге дейін), Жазира Жаппарқұлова  ( 69 келіге дейін), Анна Нұрмұхамбетова ( 75 келіге дейін) және Мария Грабовецкая (75 келіден жоғары).

Ерлер командасының құрамы: Арли Чонтей ( 56 келі), Азамат Рымқұлов (  62 келіге дейін), Александр Ким ( 69 келіге дейін), Кирилл Павлов ( 77 келіге дейін), Рүстем Сыбай, Ермек Өміртай  (екеуі де   85 келіге дейін), Алмас Өтешев ( 94 келіге дейін), Сергей Истомин (105 келіге дейін), Ибрагим Берсанов ( 105-тен жоғары).

Еске сала кетсек, Инчхондағы  Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді. Қазақстан құрамасына үш «алтын» алу тапсырмасы қойылып отыр.

Загрузка...