417

Мирослав Клозе 2015 жылы футболдан кетеді

Фотография - Мирослав Клозе 2015 жылы футболдан кетеді

Футболдан Әлем чемпионаты тарихындағы ең үздік сұрмерген атағына ие болған неміс Мирослав Клозе алдағы футбол маусымынан кейін үлкен спортпен қош айтыспақ.

"Мен спорттағы жолымды 2015 жылы аяқтауды жөн көрдім" дейді Клозе Bild тілшілеріне берген сұхбатында.

Айта кетейік, Мирослав Клозе үшін биылғы жыл жемісті болды. Германия ұлттық құрамасы сапында Әлем чемпионы атанған ол мундиаль тарихында ең көп гол салған (16 гол) футболшы ретінде тарихта қалды.

36 жастағы футболшы соңғы футбол маусымын Италияның "Лацио" командасында өткізбек.

Загрузка...