507

Брэндон Боченски «Барыс» капитаны болады

Фотография - Брэндон Боченски «Барыс» капитаны болады

Брэндон Боченски ҚР Президенті кубогі турнирінде «Барыс» капитаны ретінде мұз айдынына шығатын болады, деп хабарлайды sports.kz сайты.

Бүгін «Барыс» хоккейшілері «Қазақстан» спорт сарайында алғашқы жаттығуларын өткізді. 

Команда мұзға Президент Кубогі кезінде өнер көрсететін құраммен шықты.

Сонымен қатар, бас бапкер Андрей Назаров турнир барысында команда капитаны болатын хоккейшіні таңдады. Оның сөзіне қарағанда, бұл міндетті Брэндон Боченски атқарады.

Айта кету керек, былтыр ол капитанның ассистенті болған еді.  

Загрузка...