Теннис: Надаль мен Тсонга Астана кортында кездеседі

Фотография - Теннис: Надаль мен Тсонга Астана кортында кездеседі

Қазақстанда әлемдік теннистің жарық жұлдыздары Рафаэль Надаль мен Жо-Вилфрид Тсонга өзара жолдастық кездесу өткізеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Қазақстан теннис федерациясының атқарушы директоры Диас Досқараев мәлім етті.

377 0

2014 жылдың 25 қыркүйегінде Астана қаласындағы Ұлттық теннис орталығында аталған кездесу өтеді. Әйгілі теннисшілердің Қазақстанға сапары тек көрсетілімдік матч өткізумен шектеліп қоймайды. Надаль мен Тсонга "Team Kazakhstan" академиясының жас теннисшілеріне шеберлік сабағын да өткізбек.

"Біздің басты мақсатымыз Қазақстандағы теннисті дамыту. Әлемдік теннис жұлдыздары Рафаэль Надаль мен Жо-Вилфрид Тсонганың елімізге келіп, жолдастық кездесу өткізетініне қуаныштымыз. Олардың бұл сапары өсіп келе жатқан жас теннисшілеріміз үшін өте үлкен мүмкіндік болып отыр" деді Диас Досқараев.

Айта кету керек, Надаль мен Тсонга әлемдегі ең үздік он теннисшінің қатарына енеді.

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?