Астанадан 11 спортшы Азия ойындарына аттанды

Фотография - Астанадан 11 спортшы Азия ойындарына аттанды

18 қазанда Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында Азия параойындары ашылады. Биыл Қазақстан құрамасына 84 мүмкіндігі шектеулі спортшы енді. Олар тоғыз спорт түрінен (садақ ату, атлетика, дзюдо, пауэрлифтинг, оқ ату, жүзу, үстел теннисі, отырып ойнайтын волейбол, арбамен билеу) Азия елдерінің атлеттерімен күш сынасатын болады. Жалпы, жарысқа әлемнің 40 жуық елінен 4800 спортшы қатысады.

293 0

Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының хабарлауынша, Азия параойындарына Астанадан мүмкіндігі шектеулі 11 спортшы аттанды. Олар алдағы ойындарға белсенді дайындалып, үш спорт түрінен бәсекеге түседі. Жүзуден Михаил Еременко, Сиязбек Далиев, Әнуар Ахметов, Әлібек Уақпаев, Диана Сүтпаева мен Надежда Ли жарысқа түседі. Жеңіл атлетикадан Бейбарс Болатов пен Мадина Балқожаева жүлдеге таласады. Ал арбамен билеуде Ардақ Оторбаев, Қарлығаш Тынабекова пен Айдана Бегленова өз өнерлерін көрсетеді.

24 қазанда параойындардың жабылу салтанаты өтеді. Ал 25 қазанда отандық құрама еліне оралады.

Еске салайық, Қытайдың Гуанчжоу қаласында өткен параойындарда алты спорт түрінен 74 спортшы ел намысын қорғады. Қазақстанның құрама командасы 7 медаль алып, жалпыкомандалық есепте 23-ші орынға табан тіреді.

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?