«Шахтер» футбол клубы таратылмайтын болды

Фотография - «Шахтер» футбол клубы таратылмайтын болды

Бұл туралы журналистермен болған баспасөз мәслихатында аймақтағы спорт саласының басшылары мәлімдеді. Өткен маусымды қорытындылаған клуб директоры алдағы жылғы жоспарларымен де бөлісті.

482 0

Бұл туралы журналистермен болған баспасөз мәслихатында аймақтағы спорт саласының басшылары мәлімдеді. Өткен маусымды қорытындылаған клуб директоры алдағы жылғы жоспарларымен де бөлісті.

Жекешелендіруге жататын «Шахтер» футбол командасы 3 мәрте бәссаудаға қойылмақ. Егер сатып алушылар табылмаса, клуб мемлекет қарауына өтіп, жергілікті қазынадан қаржыландырылады. Жақын күндері футболшылар алдындағы қарыздың 90 млн теңгесі өтелмек. Бұл – УЕФА-да сәтті өнер көрсеткендері үшін берілген сыйақы. Ал қалған 210 млн теңге берешек бюджеттің мүмкіндігіне қарай берілмек. Сонымен қатар «Шахтер» жаңа маусымда легионерлерден бас тартып, өз шәкірттерін жарысқа қоспақ. Никола Покрович, Михрет Топчагич, Яна Масло келесі маусымда «Шахтер» сапында өнер көрсетпейді. Ұлан Қонысбаевтың да келісімшарт мерзімі аяқталған. Ал бас жаттықтырушы Виктор Кумыковтың клубта қалу-қалмауын әзірге ешкім дөп басып айта алмай отыр.

 

Ерден Халилин, «Шахтер» футбол клубының атқарушы директоры:

- 2015 жылдың желтоқсан айына дейін 11 спортшымен келісімшарт жасалды. Бұл «Шахтер» командасының негізгі ойыншылары болмақ. Жақын күндері тағы да болашағынан үміт күттіретін бірнеше жас ойыншымен келісім жасалмақ. 


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?