761

Кличко допинг дауына тап болды

Кәсіпқой бокстан WBA, WBO, IBF, IBO тұжырымдары бойынша аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы украиналық Владимир Кличко допинг дауына тап болды.
Фотография - Кличко допинг дауына тап болды

Кәсіпқой бокстан WBA, WBO, IBF, IBO тұжырымдары бойынша аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы украиналық Владимир Кличко допинг дауына тап болды.

Жақында Кличко болгариялық Кубрат Пулевпен кездесіп, нокаутпен жеңіске жеткен еді. Осы жекпе-жектен кейін допинг тесттен өткен кезде украиналықтың дәрі қолданғаны анықталыпты. Бірақ нақты қандай препарат екені әзірге белгісіз.

Естеріңізде болса, Кличко мен Пулев кездесуі өткен демалыста Германияның Гамбург қаласында өткен болатын. Он алты мың көрермен жиналған «O2 World Arena» кешенінде 38 жастағы Владимир болгар боксшысын алғашқы төрт раундта үш рет нокдаунға жіберді. Ал бесінші раундта Кубрат кіші Кличконың жойқын соққысына төтеп бере алмады. Нәтижесінде жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды.

Baq.kz

 

Загрузка...