611

Yahoo Sports Г.Головкиндi жыл боксшысы деп таныды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Yahoo Sports-тың нұсқасы бойынша "Жыл боксшысы" (2014) болып танылды. Бұл туралы Вконтакте әлеуметтік желісіндегі GGG тобының парақшасында хабарланды.
Фотография - Yahoo Sports Г.Головкиндi жыл боксшысы деп таныды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Yahoo Sports-тың нұсқасы бойынша "Жыл боксшысы" (2014) болып танылды. Бұл туралы Вконтакте әлеуметтік желісіндегі GGG тобының парақшасында хабарланды.

Айта кетейiк, бұның алдында оны World Boxing News американдық порталының оқырмандары үздік деп таныған болатын. WBA/IBF/WBC Interim нұсқалары бойынша орта салмақтағы әйгілі чемпион, қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге 4 мыңнан астам адамның 75%-ы дауыс берген едi. Ал WBA/WBO/IBF/IBO нұсқалары бойынша аса ауыр салмақтағы чемпион Владимир Кличко жалпы дауыстар санының 10%-ын жиып, екінші орынға ие болды. WBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы чемпион Мэнни Пакьяо 4% дауыспен үздіктер үштігін тұйықтаған.

Сондай-ақ Головкиннің Польшада «Жыл боксшысы» атанғанын да айта кеткен жөн.

 

Загрузка...