629

ТЕННИС: Зарина Дияс жаңа жылдағы алғашқы қадамын Шэньчжэнь қаласында бастайды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 33-інші ракеткасы Зарина Дияс 4-10 қаңтар аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтетін WTA халықаралық турниріне қатысады.
Фотография - ТЕННИС: Зарина Дияс жаңа жылдағы алғашқы қадамын Шэньчжэнь қаласында бастайды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 33-інші ракеткасы Зарина Дияс 4-10 қаңтар аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтетін WTA халықаралық турниріне қатысады.

Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, жиырма бір жасар Зарина алғашқы кездесуін хорватиялық жас теннисші, 1996 жылғы Донна Векичпен өткізеді. Донна оңай шағылар жаңғақ емес, өткен жылы Куала-Лумпур турнирін ұтқан теннисші.

Айта кетейік, Шэньчжэнь турнирінің жүлде қоры - 500 мың АҚШ доллары. Онда әлемнің үшінші, осы турнирдің бірінші ракеткасы, румыниялық Симона Халеп, дүниежүзілік рейтингте төртінші орында тұрған чехиялық Петра Квитова, қытайлық Пэн Шуай сынды әлемнің мықты теннисшілері бас қосып, шеберлік байқасады. Бастапқы матчтарын сәтті өткізген жағдайда З.Дияс С.Халеппен тек жартылай финалда ғана кездесуі мүмкін. Өткен жылы Симона Заринаның екі рет жолын кескен болатын. 

Аталмыш турнирде 2013 және 2014 жылдары атақты қытай теннисшісі, 2014 жылы спорттық жолын тәмамдаған Ли На жеңімпаз атанып еді. Сондықтан биыл жарыстың жаңа чемпионының есімі белгілі болмақ. 

Загрузка...