641

«Дакар-2015» ралли марафонының екінші кезеңінде Артур Ардавичустың жүк көлігі аударылды

Аргентинада өтіп жатқан «Дакар - 2015» ралли марафонының екінші кезеңінде Astana Motorsports командасының бір экипажы -Артур Ардавичустың жүк көлігі аударылды. Бұл туралы бүгін «Қазақстан автомобильдері» журналының фейсбуктегі парақшасында жария етілді.
Фотография - «Дакар-2015» ралли марафонының екінші кезеңінде Артур Ардавичустың жүк көлігі аударылды

Аргентинада өтіп жатқан «Дакар - 2015» ралли марафонының екінші кезеңінде Astana Motorsports командасының бір экипажы -Артур Ардавичустың жүк көлігі аударылды. Бұл туралы бүгін «Қазақстан автомобильдері» журналының фейсбуктегі парақшасында жария етілді. 

«Ардавичустың жүк көлігі екінші кезеңнің 170-ші шақырымында, Вилла Карлос Пас пен Сан Хуан қалаларының аралығында аударылысқа ұшырады. Бұралаң тау жолында аяқ астынан руль қозғалмай қалған. Содан, автокөлік жолдан шығып кетіп, қиялай құлады. Экипаж мүшелері аман-сау. Осы сәтте қастарынан өтіп бара жатқан жүк көлігі «Татраны» тұрғызуға көмектесті. Әрине, уақыттан ұтылдық. Қазіргі сәтте 27 орында келеміз. 

Кейіннен, техникалық комиссарлар экипаждың дамыл алған жеріне келіп, «Татраны» тексеріп шықты. Бұл жерде басты талап - көліктің негізгі қаңқасының бүтіндігі, терезелерінің оңай ашылып, есіктерінің оңай жабылуы. Таңғы сағат 06:00-де соңғы тексеру болады. Бірақ, экипаж 90 пайызға жарыс жолына шығуға дайын. Ал түнгі сағат 00:42 минутта мәреге 58 автокөлік келіп жетті. Ал жарысқа барлығы 137 автокөлік шыққан болатын. Денис Березовскийдің экипажы әлі мәреге жеткен жоқ» , - деп жазады оқиға орнынан аталған журналдың журналисі Роман Масленников. 

ҚазАқпарат

Загрузка...