Элизабет Тұрсынбаева тағы да жеңіске жетті!

Фотография - Элизабет Тұрсынбаева тағы да жеңіске жетті!

Үстіміздегі жылдың 7-11 қаңтар аралығында Польшаның Торунь қаласында мәнерлеп сырғанаудан «Mentor Nestle Torun Cup» халықаралық турнирі өтіп жатыр. Сайыста жекелей сырғанау бағдарламасында сынға түскен Элизабет Тұрсынбаева кезекті жеңісіне қол жеткізді.

818 0

Үстіміздегі жылдың 7-11 қаңтар аралығында Польшаның Торунь қаласында мәнерлеп сырғанаудан «Mentor Nestle Torun Cup» халықаралық турнирі өтіп жатыр. Сайыста жекелей сырғанау бағдарламасында сынға түскен Элизабет Тұрсынбаева кезекті жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Аталған турнир - жыл сайын ИСУ (халықаралық коньки тебу одағы) кестесіне енетін жарыстардың бірі. Дүбірлі додаға қатысушылар жекелей сырғанау, жұптасып сырғанау және мұз үстіндегі би бағдарламалары бойынша бақ сынайды. 

Онда спортшымыз Қазақстанның намысын қорғаған жалғыз мәнерлеп сырғанаушы болды. Элизабет бұл жеңісін Қазақстан балаларына арнап, отандастарын Жаңа жылмен құттықтады.  Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Элизабет енді наурыз айының басында мәнерлеп сырғанаудан жастар арасында өтетін Әлем чемпионатына қатысады.

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?