20 жасар футболшы жол апатынан қаза тапты

Фотография - 20 жасар футболшы жол апатынан қаза тапты

Бельгия Жастар құрамасы мен Германияның «Вольфсбург» клубының жартылай қорғаушысы Жуниор Маланда сенбі күні Астана уақытымен кешкі 20:35-те жол апатынан қаза тапты. Оқиға Порта-Вестфалика қаласының маңында орын алған.

352 0

Шетелдік ақпарат көздерінің мәліметіне қарағанда Volkswagen Touareg автокөлігінің жүргізушісі жылдамдықты шектен тыс асырып жіберген. Ал Маланда көліктің артқы орындығында отырған екен. Сол күні жауған жауын көліктің тежегішіне әсер еткен көрінеді. Қатты жылдамдықпен келген көлік үйдің қақпасына соғылып, артынша талға барып тағы ұрынады. Полицейлердің хабарлауынша футболшы сол мезетте-ақ көз жұмған. Ал алдыңғы қатарда отырған көлік жүргізушісі мен жолаушы ауыр жарақатпен емханаға жеткізілген. Бельгияның Зюльте-Варегем клубынан 2013 жылы Вольфсбургке ауысып келген Маланда бар жоғы 23 ойын өткізіпті. Оның еншісінде Бельгия жастар құрамасы үшін соққан қос доп бар

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?