Зарина Дияс үздік отыздыққа кіруге жақын

Фотография - Зарина Дияс үздік отыздыққа кіруге жақын

Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс әлемдік рейтингте үздік отыздыққа жақындап қалды.

435 0

Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс әлемдік рейтингте үздік отыздыққа жақындап қалды. 

Бүгін халықаралық әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жаңарған рейтингті жариялады. Бұл тізімде жерлесіміз 31-ші орынға жайғасқан. Өткен аптада 32-ші сатыда болған Зарина осы қарқынын тоқтатпаса ТОП-30-дың қатарына енуі мүмкін.

Ол қазіргі кезде Аустралиядағы WTA Hobart International турниріне қатысып жатыр. Алғашқы айналымда 27 жастағы испаниялық Сильва Солер-Эспинсоны ұтқан жерлесіміз келесі кезеңге шықты.

Заринадан бөлек, үздік жүздікке Ярослава Шведова енген. Ол қазіргі кезде 63-ші орында тұр.

Әлемдік рейтинггтің көшін америкалық Серена Уильямс бастап тұр. Екінші орында Мария Шарапова, үштікке Симона Халеп жайғасқан.



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?